Қазақстанда әуе билеттерінің бағасы бір жылда 9% қымбаттады

Автор: Аманалина Тоғжан

Еліміздің әуе компаниялары былтыр 14 миллиондай жолаушы тасымалдаған

Фото: sugdnews.com

Қазақстанда бір жылда әуе билеттерінің бағасы 9 процентке қымбаттаған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Сарапшылардың айтуынша, бағаның көтерілуіне инфляция мен сұраныстың артуы себеп. Мәселен, еліміздің әуе компаниялары былтыр 14 миллиондай жолаушы тасымалдаған. Бұл алдыңғы жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 29 пайызға артық. Ал тасымалдан түскен табыс 745 миллиард теңге.