Тоқаев нақтыланған республикалық бюджет туралы жарлыққа қол қойды

Автор: Azattyq Rýhy

Бюджетті нақтылауда әлемдегі коронавирус пандемиясы да ескерілген

Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы «2020 жылға арналған нақтыланған республикалық бюджет туралы» 2020 жылғы 8 сәуірдегі жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорда сайтында жарияланды.

«Әлемдік экономикадағы ағымдағы жағдайды, тауар нарықтарындағы баға конъюнктурасын, сондай-ақ әлемдегі коронавирус пандемиясын ескере отырып, 2020 жылға арналған макроэкономикалық көрсеткіштердің болжамы нақтыланды. Бұл болжам және әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі шараларды іске асыру қажеттілігі 2020 жылғы республикалық бюджеттің параметрлерін нақтылауға негіздер болып табылды», - делінген жарлық мәтінінде.