Дереккөз ақпараты
Теңіз кен орнының ауысымдық лагерлеріндегі жұмысшылардың бірінен коронавирус анықталды. Дереккөзге сілтеме жасай отырып @KazService Telegram арнасы осылай деп хабарлайды.
«Бұл жерде «Теңізшевройл» келешек кеңейту жобасы құрылысына (ККЖ) қатысқан үш мердігер ұйымның қызметкерлері тұрады», - делінген онда.
Естеріңізге сала кетейік, ККЖ Теңіз кен орнының өндірістік қуатын кеңейтуге бағытталған. Бұл маңызды жоба, оның іске асырылуы жылына 12 млн тонна мұнай өндіруге мүмкіндік береді және Теңіздегі қолданыстағы өндірістік қуаттың толықтай пайдаланылуын қамтамасыз етеді. Жобаға 45 000-нан астам адам қатысып жатыр.