$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстанда шетелдік компаниялардың саны артып келеді

Шетелдік кәсіпорындардың басым үлесі ресейлік компанияларға тиесілі

Қазақстанда шетелдік компаниялардың саны артып келеді
Фото ашық дереккөзден

Қазақстанда Қытай мен Ресей инвесторларының қолдауымен жұмыс істейтін компаниялардың үлесі артқан, деп хабарлайды Azattyq Ruhy агенттігі LS сайтына сілтеме жасап.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, жыл басынан бері елімізде шетелдіктердің қатысы бар компаниялар саны 18,7 пайызға артқан.

«Егер 1 қаңтарда 36,6 мың шетелдік ұйым болса, осы айдың басында олардың саны 43,4 мыңға жеткен. Оның ішінде шағын кәсіпорындар 42,8 мыңды құрап, 19%-ға артқан. Керісінше, орта (-2,1%) және ірі (-0,4%) кәсіпорындар саны кемігенін байқауға болады», -делінген хабарламада.

Шетелдік кәсіпорындардың басым үлесі ресейлік компанияларға тиесілі. Яғни, 19,4 мың кәсіпорын тіркелген.

Жыл басынан бері өсім - 24%. Түрік кәсіпорындары – 3,8 мың (+4,7%), өзбек – 3 мың (+38,5%), қытайлық инвесторлардың үлесі – 2,4 мың (+36%), қырғыз – 2,3 мың (-2,1%), украиндар – 1 мың (+11,3%) , неміс – 766 (+8,2%).

Оның ішінде сауда, автокөлік саласында 15,5 мың (+17,2%), құрылыста – 3,7 мың (+5,1%), ақпарат және байланыс саласында – 3,4 мың (+36,9) шетелдік компаниялар жұмыс істеп отыр.

Серіктес жаңалықтары