13.12.2023, 09:13
Экономика
Келер жылы елімізде коммуналдық қызмет құны 30 пайызға дейін қымбаттайды
Бағаны өсірудің есебінен ескірген инфрақұрылым желілері жаңартылмақ
Фото ашық дереккөзден
Келесі жылы коммуналдық қызмет құны 30 пайызға дейін қымбаттайды. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Министрдің сөзінше, бағаны өсірудің есебінен ескірген инфрақұрылым желілерін жаңартпақ. Биыл тариф 20 пайызға өсті. Бағаның күрт көтерілуіне жол бермеу үшін мемлекет шығынның біраз бөлігін жапқан. Тозығы жеткен нысандарды жөндеуге 260 млрд теңге жұмсалса, соның 100 млрд-ы бюджеттен бөлінді.
Көп оқылған
06.10.2026, 09:05
Қазақстанда оба қай жылдары тарады: «қара індет» бүгінге дейін қанша адамның өмірін жалмады
06.10.2026, 16:24
Астанада Talan Towers қонақүйінің шатырынан заттар құлап, бірнеше көліктің быт-шытын шығарды (ВИДЕО)
06.10.2026, 21:27
Алматыдағы пәтерлердің бірінен ер адамның денесі табылды