Елімізде сұйытылған газ бағасы өсуі мүмкін

Автор: Аманалина Тоғжан

Министрлік бұйрық жобасын әзірледі

фото: osken-onir.kz

Энергетика министрлігі жанармай құю станциялары үшін сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізудің шекті бағасын бекіту туралы бұйрық жобасын әзірледі, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Мемлекет басшысы 2023 жылғы 29 маусымда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сұйытылған газ айналымын және тұрғын үй –коммуналдық шаруашылық реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды. Онда ҚР Энергетика министрлігінің сұйытылған мұнай газына шекті бөлшек сауда бағаларын белгілеу жөніндегі құзіреті көзделген.

«Заңның нормаларын іске асыру мақсатында Министрлік Қазақстан Республикасының ішкі нарығында тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын айқындау қағидаларына өзгерістер енгізу арқылы сұйытылған мұнай газына шекті бөлшек сауда бағаларын белгілеу әдістемесін әзірледі. Және сұйытылған мұнай газын Қазақстан Республикасының ішкі нарығына тауар биржаларынан тыс жеткізу жоспары аясында өткізілетін сұйытылған мұнай газының шекті бағалары №209», - делінген хабарламада.

Осы ережелер негізінде министрлік 2023 жылғы желтоқсан айының соңына дейін сұйытылған мұнай газының шекті бөлшек сауда бағасын жаңа бұйрықпен бекітуді жоспарлап отыр. Енгізілген өзгерістер қазіргі кезеңде сұйытылған мұнай газына бағаның өсуін білдірмейді. Айта кету керек, көтерме және бөлшек сауданың шекті бағалары сұйытылған мұнай газын өндіру құнын ескере отырып түзетілді.

Еске салсақ, автогаздың қазіргі шекті бағасы 2023 жылдың 31 желтоқсанына дейін әрекет етеді. Осыған байланысты министрлік жобаны Ашық НҚА порталында жариялау мерзімін 10 жұмыс күнінен 5 жұмыс күніне дейін қысқартуды ұсынып отыр.

Авторы: Аягөз ҚҰРМАШ