Қарашада жаңа баспана бағасы арзандады - ҰСБ

Автор: Аманалина Тоғжан

Қарашада жаңа пәтердің 1 шаршы метрі 491 мың 985 теңге болды

Фото: freepik.com

Бір айдың ішінде (2023 жылғы қарашада қазанға қарағанда) пәтерлерді қайта сату 0,9%, абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі – 0,2% өсті. Жаңа тұрғын үйді сату бағалары алдыңғы аймен салыстырғанда қарашада 0,7% төмендеген, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, бір айдағы ең үлкен төмендеу Атырау облысында (18,1%), Шымкент қаласында (15,9%), сонымен қатар Түркістан облысында (14,6%) болды.

2023 жылдың қазанымен салыстырғанда, көппәтерлі үйлердегі тұрғын үй мәмілелерінің саны 3,2%-ға (804 мәмілеге) кеміді. Қараша айында пәтерлер бойынша барлығы

24 148 мәміле жасалды, бұл мәмілелердің жалпы санының 76,1%-ы. Көппәтерлі үйлердегі тұрғын үй саудасының негізгі үлесі Алматы (24%), Астана (19,5%) қалаларына және Қарағанды облысына (9,4%) тиесілі. Бөлмелер саны бойынша 1 бөлмелі пәтерлер сатылымы қайта көбейді, қараша айында 9 316 мәміле ресімделген.

2023 жылдың қарашасында тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелері алдыңғы жылдың тиісті айымен салыстырғанда 6,1%-ға азайған, ол кезде 33 797 мәміле ресімделген болатын. Азаюдың ең жоғарғы көрсеткіші Астана қаласында (18%-ға) тіркелді, ал Қызылорда облысында ұлғаюдың ең үлкен көрсеткіші (31,5%-ға) байқалды. Динамиканың теріс мәні 2023 жылдың  қаңтар-қараша айларындағы мәмілелер санының 2022 жылғы қаңтар-қараша айларындағы мәмілелер санымен салыстырғанда орын алды және -23%-ды құрады.

Авторы: Аягөз ҚҰРМАШ