Тиісті кезеңде сектордағы көрсеткіштердің өсуі екінші жыл қатарынан байқалып отыр
2023 жылғы қаңтар-тамыз аралығында шоколад пен қанттан әзірленетін кондитерлік өнімдер өндірісі 68,8 мың тонна болды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 18,2%-ға артық, деп жазады Azattyq Ruhy energyprom.kz порталына сілтеме жасап.
Тиісті кезеңде сектордағы көрсеткіштердің өсуі екінші жыл қатарынан байқалып отыр.
Отандық кондитерлер тәтті өнімдерге деген сұранысты 47,6%-ға қамтамасыз еткен. Десек те нарықтың жартысынан астамы импорттың үлесіне тиді: 52,4%.
Биылғы қаңтар-шілдеде ішкі нарықта шоколад пен қанттан жасалған кондитерлік өнімдерді өткізу көлемі 111,9 мың тоннаны құрады. Бұл 2022 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 23,2%-ға көп.
Тиісті кезеңде экспорт көлемі 5%-ға азайып, 17,8 мың тонна болды.
Биылғы қыркүйек айының қорытындысы бойынша шоколад бір айда 0,4%-ға қымбаттады. Жылдық мәнде қымбаттау 10,8%-ды құрады.
Кондитерлік өнімдер бір жыл ішінде 13,7%-ға қымбаттады. Оның ішінде карамельдің бағасы айтарлықтай артқан: 21,1%. Мармелад бағасы бір жылда 18,2 пайызға өсті.
Шоколадпен жылтыратылмаған кәмпиттер 16,8%, сағыз 16,5%, халва 14,9%, шоколадпен жылтыратылған кәмпиттер 11,5%, зефир 11,4% қымбаттады.