Қор нарығында доллар 2 теңгеге өсті

Автор: Аманалина Тоғжан

Доллардың орташа сараланған бағамы 469,31 теңге болды

Фото: 365info.kz

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы 2 теңгеге көтерілді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Қазақстан қор биржасына (KASE) сілтеме жасап.

Күнделікті сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа сараланған бағамы 1,97 теңгеге көтеріліп, 469,31 теңге болды.

Kurs.kz мәліметінше, қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алудың орташа бағамы - 470,66 теңге, ал сату бағамы 473,80 теңге болады. Астанадағы ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 469,45 теңгеден сатып алынып, 473,58 теңгеден сатылып жатыр.