Владимир Путин бастаған дедолларизация саясатының бірінші жылында Ресей шамамен 7,7 миллиард доллар пайдадан айырылып қалды
Bloomberg басылымының жазуынша, Вашингтонның халықаралық қаржы институтының сарапшылары бұл геосаясаттың экономикалық құны екенін айтқан.
«Ресей санкциялардан қорғану үшін доллармен есептегендегі инвестициялардың тең жартысынан бас тартты. Доллардан толық бас тартудың қатері тым көп болғандықтан, Ресей қалған долларды резервте сақтап отыр», деп жазады басылым.
Автордың жазуынша, Ресей Еуроодақ, Қытай, Үндістанмен өзара саудада да доллар көлемін азайтқан.