Бүгін доллардың орташа бағамы 445,82 теңгені құрады
Қазақстан қор биржасында (KASE) 27 наурыз 17.00-де доллар бағамы 445,82 теңгені құрады деп хабарлайды Kapital.kz іскерлік ақпараттар орталығы.
Сауда аптасында ұлттық валюта 0,22 теңгеге нығая түсті. Бейсенбі, 26 Наурызда 15:30 орташа бағамы бір доллар үшін 446,06 теңге, жұма күні, 27 наурызда бір доллар үшін 445,84 теңге деңгейінде қалыптасты. Өткен аптада KASE сауда-саттығы тек 2 күн жұмыс істеді. 23, 24 және 25 наурызда Қазақстан Наурыз мейрамын атап өтті.
«KASE ақпараты бойынша, сауда – саттықта ең төменгі бағам бір доллар үшін 445,30 теңге, ең жоғарғы бағам — 446,55 теңге, жабылу бағамы-445,85 теңге деңгейінде қалыптасты. Америкалық валюта бойынша сауда көлемі 122 млн 642 мың долларды құрады. Валютамен операциялар бойынша мәмілелер саны – 338», - делінген ақпаратта.
kurs.kz деректері бойынша астананың айырбастау пункттерінде америкалық валютаны сатудың ең жоғары бағамы 17:10 – ға 450 теңгені, Алматыда 449 теңгені құрады.
Ұлттық банктің ресми бағамы 27 наурызда 1 АҚШ доллары үшін 446,06 теңгені құрады. 28 наурызда ресми бағамды анықтаудың қолданыстағы тәртібіне сүйенсек, ол 1 доллар үшін 445,84 теңгені құрайды.