Үкімет енді банктерді елдің экономикасына жұмыс істеу үшін міндеттейді – сарапшы

Автор: Аманалина Тоғжан

Экономист банктер осыған дейін неге салық төлемегенін айтты

Фотоколлаж: Azattyq Rýhy / Әбілқасым Есентаев

Экономист Мақсат Халық екінші деңгейлі банктер қалай табыс тапқанын және салық неге төлемегені жайлы Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында айтты, деп хабарлады Azattyq Ruhy.

«Үкімет енді банктерді елдің экономикасына жұмыс істеу үшін міндеттейді. Олардың қосымша қолдаусыз жатқан активтері арқылы өте көп табыс тапқан. Өткен жылы 1,5 трлн теңге табыс көрсе, биылғы жарты жылда 1 трлн-нан астам таза табыс көрген. Ол табысты қалай тауып жатыр деген сұрақ туындап отыр. Ол табыс Ұлттық банктің ноталарын сатып алу арқылы тапқан. 16,75 пайыз базалық пайыз мөлшерлеме болып тұрды. Демек олар қысқамерзімді операция арқылы бір-біріне беру арқылы табыс тапқан. Олар сол қаражатты нарыққа шығарып бизнесті қаржыландыруға ниетсіз деген сөз. Себебі оңай жолмен табыс таба алады. Оған салық та салынбайды», - деді ол.

Мақсат Халық атағандай, осы уақытқа дейін бұрынғы депутаттар лобби арқылы өткізген.

«Президент оларға салық салу мәселесін шығарды. Банктер салық салынғанша, активтерін нарыққа шығаруды ойлайды. Бұл - бір қадам. Үкімет алдағы уақытта дұрыс жұмыс істесе, өзімізде өңдеу өнеркәсіпті дамытатын болса, инфляция белгілі дәрежеде төмендейді. Базалық мөлшерлеме түссе, екінші деңгейлі банктер ол жақтан табыс табуды тоқтатады», - деді Мақсат Халық.

Еске салсақ, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында екінші дәрежелі банктердің ел экономикасын дамытуға қатыспайтынын сынаған болатын.

Авторы: Аягөз ҚҰРМАШ