Шикізаттық емес тауарлар экспортының көлемі ұлғайды
Қазақстан дайын өнімдер мен қызметтердің экспортын ұлғайтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Сауда және интеграция министрлігінің мәліметінше, 2023 жылдың 6 айының қорытындысы бойынша шикізаттық емес тауарлардың экспорты өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,1%-ға өсті ($12,11 млрд-тан 12,12 млрд-қа дейін).
Қызметтердің экспорты бірінші жартыжылдықта $2,1 млрд құрады, бұл өткен жылдың 6 айындағы көрсеткіштерден 16,7%-ға асып түсті ($1,8 млрд).
«Сыртқы нарықтарға жеткізілетін қазақстандық дайын ТОП-3 өнімдеріне мыс пен мыс катодтары, ферроқорытпалар, уран кіреді», - делінген хабарламада.