Доллар 440 теңгеден сатылып жатыр
Кеше доллар бағамы күрт құбылып, теңге әлсіреп кетті
Доллар Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында 438-440 теңгеден сатылып жатыр. Бұл туралы kurs.kz порталынан көруге болады. Ұлттық банк дүйсенбіде АҚШ долларына қатысты 434,59 теңге ретінде ресми бағам орнатты.
Бұл бағам Қазақстан қор биржасының (KASE) екі сессиясының қорытындысы бойынша 16 наурызда сағат 15:30-дағы жағдай бойынша белгіленген, оның барысында теңгенің орташа биржалық бағамы 1 доллар үшін 434,59 теңге деңгейінде қалыптасты.
Оқи отырыңыз: Қазақстанда доллар бағамы 500-ге жете ме – сарапшылар пікірі
Кеше түске дейін Қазақстанда доллар бағасы 450 теңгеге бір-ақ көтерілген еді. Түс ауа валюта айырбастау орындары сату мен сатып алуды тоқтатып тастады. Ресми бағам бекітілген соң, сауда қайта жалғасты.