$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
17.03.2020, 09:31
Экономика

Төтенше жағдай: кәсіпкерлерге кредит алу жеңілдейді

Несиенің пайыздық үстемесі 6%-ды құрайды

Төтенше жағдай: кәсіпкерлерге кредит алу жеңілдейді

Қазақстанда жарияланған төтенше жағдайдың бизнеске кері әсерін азайту, еңбек нарығында тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін кәсіпті несиелендіру 1 трлн 400 млрд теңгеге көбейеді. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов хабарлады.

«Қаражат ең алдымен импортқа тәуелділікті төмендету және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін отандық өнім өндірушілерге берілетін болады. «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасы бойынша несиелендірудің жоғарғы шегі 7 млрд теңгеге дейін ұлғаяды. Ағымдағы шығыстарды жабу үшін бизнестің айналым қаражатын қаржыландыруды кеңейту ұсынылады», - деді министр.

Бұл кредиттің пайыздық үстемесі 6%-ды құрамақ.

Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы шеңберінде орта бизнеске берілетін несие 1 млрд теңгеге артады. Ол бойынша 50% мөлшерінде кепілдендіру беріледі. Ал микро және шағын бизнеске ұсынылатын несие сомасы 36 млн теңгеге артып, кепілдік 85% болады.

Экономика министрі биыл бизнесті тексерулер азаятынын да атап өтті.

«Ағымдағы кезеңде орта бизнесті тексерулердің санын төмендету ұсынылады. Қазіргі уақытта микро және шағын бизнесті тексеруге мораторий қолданылатынын атап өткен жөн», - деді Р. Дәленов.

Абай Сейфулла, Нұр-Сұлтан

Серіктес жаңалықтары