Ең жоғарғы көрсеткіш Алматы қаласында тіркелді
Бүгін, 16 наурыз күні қазақстандық ақша айырбастау орындарында америкалық валютаның бағасы 420 теңгеге дейін жетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
Kurs.kz сайтының дерегінше, Алматы қаласының тұрғындары үшін доллар құны біршама қымбатқа түспек, бұл шаһарда оның бағасы 420 теңге болып отыр. Нұр-Сұлтанда долларды 415-17 теңгеге сатып алуға болады. Шымкентте америкалық валюта 41-12 теңгеден сатылуда. Таразда бір доллар бағасы 405 теңге болып отыр. Бұл әзірге ең арзан бағам.