Қор нарығында доллар бағамы өсті

Автор: Azattyq Rýhy

Ақша айырбастау орындарында доллар 443-447 теңге аралығында саудаланып жатыр

Фото: ktk.kz

Қазақстан қор биржасы (KASE) күндізгі жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 0,12 теңгеге көтеріліп, 444,22 теңге болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы Алматы уақытымен сағат 12:00-де төмендеп, 64 теңге (-0,22) болды.

Еуро бағамын Ұлттық банк 486,67 теңге, рубль бағамын 5,82 теңге деп белгіледі.

Ақша айырбастау орындарында доллар 443-447 теңге, еуро 485-492 теңге, ресей рублі 5,65-5,85 теңге аралығында саудаланып жатыр.