$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстан өнеркәсібінде машина жасау 6%-ды құрайды – вице-министр

Бұл – шамамен жалпы ішкі өнімнің 1,5%-ына тең көрсеткіш

Қазақстан өнеркәсібінде машина жасау 6%-ды құрайды – вице-министр
Фото: time.kz

Қазақстан өнеркәсібінде машина жасау 6%-ды құрайды. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Ілияс Оспанов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Машина жасаушылар форумы» туралы  айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі.

«Форум өзін машина жасау саласындағы кәсіпорындардың алдында тұрған мәселелер мен сын-тегеуріндердің кең ауқымын қамтитын пікірталас алаңы ретінде танытты. Машина жасау – кез келген индустриалды дамыған мемлекет экономикасының маңызды саласы. Барлық жабдық, машина, станок, аспап, сондай-ақ халыққа арналған тауарлар өндіріледі, машина жасау экономиканың барлық негізгі саласы қызметінің тұрақтылығын қамтамасыз етеді», - деді Оспанов.  

Оның айтуынша, бүгінде Қазақстан өнеркәсібінде машина жасау 6% құрайды, бұл шамамен жалпы ішкі өнімнің 1,5% құрайды.

«Әрине, бізде алда әлі атқарылатын жұмыстар бар. Салыстыру үшін дамыған елдерде өндірілетін өнеркәсіптік өнімнің орта есеппен 30-50% құрайды. Қазақстанда машина жасау саласы дамып келеді. Салада 3,8 мың кәсіпорын жұмыс істейді, 116 мың адам жұмыспен қамтылған.2022 жылы өнім шығару көлемі 3,1 трлн теңгеге жетті, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 31,5% өсімді көрсетті. Оның ішінде 2022 жылы құны 230 млрд теңгеден асатын 25 инвестициялық жобаның іске қосылуы оң ықпал етті», - деді Ілияс Оспанов.

Вице-министр атағандай, осы жылдың 3 айының қорытындысы бойынша сала – өнеркәсіптегі көшбасшылардың бірі.

«Өндіріс 36% өсті, көлемі 829 млрд теңгені құрады (былтырғы 3 айда – 609 млрд теңге). Саланың нақты көлем индексінің өсімін көрсетті – 135,3%. Бұдан басқа, 2023 жылы салада құны шамамен 230 млрд теңге болатын 36 жобаны іске асыру жоспарланып отыр», - деді ол.

Серіктес жаңалықтары