Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында қорытынды сөз сөйледі
Қазақстан мұнай және газ өндіруші ел ретінде жаңа геоэкономикалық жағдайға бейімделуі керек. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Презиент Қасым-Жомарт Тоқаев, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Экономиканы әртараптандыру – уақыт талабы әрі стратегиялық міндет. Біз бұл туралы үнемі айтып жүрміз. Бірақ ісімізден сөзіміз көп болып тұр. Дереу іске көшпесек, әлемдік бәсекеде озық бола алмаймыз, яғни әлем экономикасында көш соңында қалуымызға тура келеді», - деді ол Үкімет жұмысын сынға ала отырып.