Мәскеу биржаларында сауда-саттық тоқтатылды
Мұнай бағасының күрт құлдырауына байланысты доллар 72 рубльге дейін қымбаттап кетті. Бұл туралы Ресейлік БАҚ жазып жатыр.
Қазір доллар 72,04 рубль, Еуро - 82,1 рубльмен саудалануда. Мәскеу биржасының валюта нарығында сауда жүріп жатқан жоқ. Brent маркалы мұнайдың құны дүйсенбі күні бірден 14 долларға төмендеп, 31% - дан айырылып, WTI 27% - ға, барреліне 30,27 долларға дейін арзандады.Мұнай бағасының құлдырауына ОПЕК+ мәмілесіне қатысушы елдердің қандай да бір келісемге келе алмауы да түрткі болды. Сондықтан 1 сәуірден бастап мұнай өндіруді азайту жайындағы келісімнің күші жойылмақ.