Мемлекет әуе рейстерін субсидиялауға 4 млрд теңге жұмсайды

Автор: Azattyq Rýhy

Азаматтық авиация комитеті халықаралық рейстерді субсидиялау туралы айтты

abctv

Қазіргі уақытта ішкі әлеуметтік маңызы бар 14 әуе бағыты субсидияланған, олардың ішінде 7-еуі  туристік бағыт.  Соңғы кездері әуе көлік тасымалы қоғамда жиі талқылануда . Атап айтқанда, халықаралық бағыттарды жеткіліксіз қамту мәселесі өзекті  болып отыр деп хабарлайды Қазақ радиосының жаңалықтар қызметі.

Сонымен бірге, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің бас сарапшысы Тимур Тілегенов айтқандай, жағдай біртіндеп түзетіліп келеді. Келесі жылы халықаралық бағыттарға үшін Шанхай, Сингапур, Доха сияқты қалалар қосылады.

Бұдан бұрын хабарланғандай, 2020 жылдан бастап Нью-Йоркке рейс ашылады, сонымен қатар Алматы - Мускат (Оман астанасы) және Нұр Сұлтан - Мускат тікелей рейстерін ашу туралы келісім жасалды. Бұл бағыттағы жұмыстар жедел қарқынмен жүріп жатқандықтан, бұл тізім әл де толыға түспек. 

Азаматтық авиация комитетінің өкілі ішкі және халықаралық рейстерді субсидиялау туралы айтты. Тимур Тілегеновтің сөзінше, биыл тұрақты рейстерді субсидиялауға республикалық бюджеттен 4,1 миллиард теңге қарастырылған. Қазіргі уақытта  ішкі әлеуметтік маңызы бар әуе 14 бағыты субсидияланған, олардың ішінде 7-еуі  туристік бағыт.

Бұл Нұр-Сұлтаннан Петропавл, Талдықорған, Үржар, Үшарал, Балқаш, сонымен қатар Алматыдан Көкшетау, Петропавл, Үржар, Үшарал, Балқашқа дейінгі бағыттар. Сондай-ақ, бір халықаралық маршрут субсидияланады. Бұл - биыл ашылған Нұр-Сұлтан-Токио әуе бағыты. Бұл мақсаттарға 1,4 миллиард теңге қарастырылған.

«Ішкі рейстерге келетін болсақ, арзан отандық FlyArystan авиакомпаниясы тағы бір кеме сатып алғаннан кейін жылдың аяғында жаңа рейстер ашуға уәде береді», - деді компанияның PR менеджері Ләззат Набиева.

Ол қазіргі уақытта жаңа бағыттар бойынша келіссөздер жүргізіліп жатқанын және нақты ақпарат кейінірек жарияланатынын айтты. Айта кету керек, қазір компанияның паркінде үш ұшақ бар. Сонымен қатар, 2020 жылдың аяғында бұл сан 10-ға дейін артады деп жоспарлануда, сәйкесінше ішкі рейстердің бағыты айтарлықтай кеңейеді.