Соңғы күндері АҚШ валютасы арзандаған еді
КАSE ақпаратына сәйкес, бейсенбі, 5 наурыз күні 1 АҚШ долларының бағасы 380,62 теңгеге жетті. Сәрсенбідегі көрсеткішке қарағанда бұл 1,12 теңгеге жоғары. Нарықта доллар қазір ең аз дегенде 380,1 теңгеге, максималды бағада 381 теңгеге сатылып жатыр. Сауданың жалпы көлемі 77,365 млн долларды құрады.
Ал кеше доллардың орташа бағамы 379,5 теңгеде тұрақтап, сауда көлемі 91,055 млн болған еді.
Естеріңізге сала кетейік, 3 наурыздағы сауда қорытындысы бойынша KASE – дегі АҚШ долларының бағамы 1 теңгеге, 381,27 теңгеден 380,27 теңгеге дейін, 4 наурызда - тағы 0,77 теңгеге, 379,5 теңгеге дейін төмендеді.