Ұлттық банктің 17 наурыздағы ресми бағамы жарияланды
Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді. Бұл туралы Azattyq Ruhy Қазақстан қор биржасының (KASE) мәліметтеріне сілтеме жасап хабарлайды.
Күндізгі сауданың нәтижесінде доллардың орташа сараланған бағамы 5,11 теңгеге төмендеп, 460,79 теңгені құрады.
Айта кетейік, Ұлттық банктің 17 наурыздағы ресми бағамы долларға 466,15 теңгені құрайды.
Kurs.kz хабарлағандай, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды орташа сатып алу – 456,85 теңге, сату – 461,12 теңге. Астананың ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 456,91 теңгеден сатып алынып, 460,65 теңгеден сатылып жатыр.