Қызылорда облысында жаңа мұнай кен орны іздестіріліп жатыр
2022 жылы өңірде қара алтын өндірісі 4 млн тоннаны құрады
Қызылорда облысында мұнай өндіру айтарлықтай азайып келеді. Шикізат өндірісінің төмендеуіне ықпал етететін геологиялық барлау жұмыстары туралы өңір әкімдігі айтып берді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy LS-ке сілтеме жасап.
Облыстың кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасында Ұлттық статистика бюросының деректерін келтірді. Оған сәйкес егер 2020 жылы өңірде 4,6 млн тонна мұнай өндірілсе, 2021 жылы бұл көрсеткіш 6,5%-ға 4,3 млн тоннаға дейін төмендеген. 2022 жылы қара алтын өндірісі 4 млн тоннаны құрады (-7% өткен жылмен салыстырғанда). Ағымдағы жылы мұнай өндіруші компаниялар 3,5 млн тоннаны болжап отыр, бұл 2022 жылғы деңгейден 12,5%-ға және 2020 жылмен салыстырғанда 23,9%-ға аз.
Энергетика министрлігі бұл үрдісті кен орындарының көпшілігі игерудің кеш сатысында екендігімен түсіндірді.
Айта кетейік, Қызылорда облысында жаңа мұнай іздеу үшін геологиялық барлау жұмыстары басталып кетті. Оның ішінде Шу-Сарысу, Сырдария және Арал бассейндерінде республикалық бюджет қаражаты есебінен зерттеу жұмыстары жүргізілуде.
Арал бассейнінде (Батыс және Шығыс учаскелері) 2022 жылы геологиялық-геофизикалық зерттеулер 2024 жылға дейін жалғасады. Қаржыландыру көлемі 6,3 млрд теңге.
Шу-Сарысу бассейнінде геологиялық барлау 2020-2022 жылдары өтті. Оның құны 2,2 млрд теңгені құрады.
Сырдария бассейнін зерттеуге республикалық бюджеттен қаражат бөлу мәселесі шешілген жоқ. Жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес қаржыландырудың қажетті сомасы үш жылға 4,3 млрд теңгені құрады.