28.02.2020, 10:31
Экономика
Қазақстандықтар бір айда 163 млд теңгеге шетел валютасын сатып алған
Әсіресе, долларға сұраныс көп
2020 жылдың қаңтар айында халық 163,4 млрд теңгеге қолма-қол шетел валютасын сатып алды. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкі хабарлады.
Ұлттық банктің мәліметінше, ел тұрғындары қаңтарда 163,4 млд теңгеге шетел валютасын сатып алса, 2019 жылдың желтоқсанында бұл көрсеткіш 269,5 млрд теңгені құраған. Яғни, алдыңғы аймен салыстырғанда жұрт 106 млд теңгеге аз шығындалған. Ал сұранысқа ие шетел валютасының көш басында АҚШ доллары тұр.
«Мәселен, қаңтарда тұрғындар АҚШ долларын -104,8 млрд теңгеге, Ресей рублін 34,5 млрд теңгеге, еуроны –23,4 млрд теңгеге сатып алған. Дегенмен алдыңғы аймен салыстырғанда шетел валютасын сатып алу 39,4%-ға азайды»,-делінген Ұлттық банктің ресми хабарламасында.
Көп оқылған
24.10.2026, 08:31
Петропавлда қыз жүріп келе жатқан көліктен секіріп кетіп, басқа көліктің астына түсті
24.10.2026, 12:31
Астанада автобус жүргізушісіне тап берген азамат ұсталды (ВИДЕО)
24.10.2026, 14:42
Алматы облысында жеңіл көлік дүкен ішіне басып кірді (ВИДЕО)
24.10.2026, 06:24
Атыраудағы НЗМ мұғалімі оқушымен хат алмасқаны үшін жұмыстан шығарылды
24.10.2026, 11:02
Астанада 74 адам жүргізуші куәлігін заңсыз алған
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды