Қазақстанда табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен аз отбасылар саны бір жылда 1 млн-нан асты

Автор: Әйгерім Ердәулет

Өңірлер бойынша ең табысы төмен отбасылар Түркістан облысында екен

Фото ашық дереккөзден

2022 жылдың үшінші тоқсанының қорытындысы бойынша табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен азаматтардың саны бір жылда 4,5% - ға дейін көбейді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Finprom.kz-ке сілтеме жасап.    

Былтыр елімізде табысы күнкөріс деңгейінен төмен 173,2 мың бұқара болды.

Өңірлер бойынша ең табысы төмен отбасылар Түркістан облысында екен. Онда 25,4 мың тұрғын үй шаруашылығындағы адам. Ал Шымкентте мұндай санаттағылардың саны 14 мың 600 адам. Алматыда 15,9 мың, Маңғыстауда 12,9 мың, Ақмолада 12,6 мың тұрғын үй шаруашылығындағы табысы төмен азаматтар.

Табысы төмендердің ең азы Ұлытау, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарында байқалады.