ҚР Ұлттық банкінің 25 қаңтардағы ресми бағамы 1 доллар үшін 461,88 теңге
Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттық қорытындысы бойынша АҚШ валютасының теңгеге қатысты бағамы 0,42 теңгеге төмендеп, бір доллар 461,41 теңге болды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Kurs.kz сайтының мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы – 461 теңге, сатып алу – 465,5теңге.
Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 459,4 - 462,8 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Айта кетейік, Қор нарығында доллар бағамы үшінші күн қатарынан арзандап жатыр.
23 қаңтар күні бір доллардың бағымы - 462,03 теңге болса, кеше 461,83 теңге болған.