Доллар 2 теңгеге арзандады

Автор: Әйгерім Ердәулет

Ұлттық банктің 19 қаңтардағы ресми бағамы бір доллар үшін 464,34 теңге

Фото ашық дереккөзден

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы түсті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

ҚР Ұлттық банктің 19 қаңтардағы ресми бағамы бір доллар үшін 464,34 теңге

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 462,77 теңгені құрап, 1,48 теңгеге төмендеді.

Kurs.kz. сайтының мәліметінше, қазір Алматының айырбастау пунктерінде долларды сатып алудың орташа бағамы 462,48 теңгеге, сату - 466,02 теңгеге тең. Ал Астанада АҚШ валютасы 463 -466 теңге аралығында саудаланып жатыр.