Валюта бағамы: доллар арзандады

Автор: Әйгерім Ердәулет

ҚР Ұлттық банкінің 9 қаңтардағы ресми бағамы 1 доллар үшін 463,31 теңге

Фото: vikna.tv

Қазақстан қор биржасында доллардың теңгеге шаққандағы бағамы 0,95 теңгеге түсті. KASE-нің күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша 1 доллар 462,49 теңге болды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Kurs.kz сайтының мәліметінше, қазір Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы – 464 теңге, сатып алу – 469,5 теңге.

Ал, Астана қаласы бойынша 462-469 теңге арасында саудаланып жатыр.