Қазақстанда автокөлік өндірісі бір жарым есеге артты

Автор: Azattyq Rýhy

Қазақстанда автомобиль өндірісі 200 миллиард теңгеге жетті

Оның ішінде 170 млрд теңге «СарыарқаАвтоПром» мен «АзияАвто» сияқты негізгі екі автокөлік зауытының еншісінде. Бұл туралы Energyprom.kz жазады. Отандық автомобиль құрастырушылар өткен 8 айда өндірісті бір жарым есеге арттырған. Нарыққа 32,3 мың автокөлік шығарылған.

Қаңтар-тамыз айларының аралығында жасалған  28,6 мың автокөліктің  (оның ішінде трейлерлер мен қысқа тіркегішер) үлесі- 47 %-ға артқан. Оның ішінде 25,6 мың данасы жеңіл автокөліктер болса, 1,7 мың жүк көлігі мен 780 автобус зауыттан шығарылған.

Ал былтыр отандық өндірушілер шығарған автокөліктердің бір жылдағы саны 32,3 мың болса, оның 30 мыңы, 92,9 пайызы жеңіл көліктер болған. 

Биыл қазақстандық зауыттар ай сайын орта есеппен 3,6 мың автокөлік құрастырады. Сонда биыл осы қарқын сақталса, жыл соңына дейін 43 мың автомобиль құрастырылмақ. Салыстырмалы түрде алғанда былтыр ай сайын шамамен 2,4 мың автокөлік конвейерден шығып отырған.

Елдегі негізгі екі зауыттың қарқынымен, отанда құрастырылған автокөліктердің үлесі біршама артып отыр. Қазір «СарыарқаАвтоПром» мен «АзияАвто» барлық өндірілген көліктердің 91,6 пайызына ие. Қостанайдағы автомобиль зауыты өндірісті екі есеге арттырған. Ол биыл 13 мың автомобиль құрастырып үлгерді. Ал Өскемендегі «АзияАвто» зауыты өндіріс қарқынын 13,6 пайызға арттырған. Ол да биыл 13 мың автокөлікті сатылымға шығарып үлгерді.

Ришат Асқарбекұлы, Алматы