Ұлттық банктің 14 қарашадағы ресми бағамы 1 доллар үшін 462,01 теңге
Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы 2 теңгеге түсті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Күндізгі сауда-саттық бойынша, доллар бағамы 2, 21 теңгеге төмендеп, 1 доллар 459, 74 теңге тең болды.
Kurs.kz сайтының мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы – 463 теңге, сатып алу – 468 теңге.
Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 463 теңгеден болса, сатып алу – 466 теңгеден болып жатыр.