Алматының айырбастау пунктерінде долларды сатып алудың орташа бағамы - 475,88 теңге
Қазақстан қор биржасындағы күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 474,95 теңгеге жетіп 1,42 теңгеге өсті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі.
ҚР Ұлттық Банкінің 11 қазандағы ресми бағамы бір доллар үшін 473,38 теңгеге тең.
Kurs.kz-тегі мәлімет бойынша, бүгінде Алматының айырбастау пунктерінде долларды сатып алудың орташа бағамы - 475,88 теңге, сату - 480,07 теңге. Ал Астанадағы айырбас пунктерінде АҚШ ақшасын 474 теңгеден сатып алып, 478 теңгеден сатып жатыр.