Республикалық бюджетке түсетін шикі мұнайға экспорттық кедендік бажды қоспағанда, мұнай секторынан түсетін кірістер Ұлттық қорға түседі
Ұлттық экономика министрлігі Brent құнының төмендеуі Қазақстанның мұнай түсімдеріне қалай әсер ететінін болжады, деп хабарлады LS агенттігі.
Министрліктің мәліметінше, 2022 жылдың бюджеті барреліне $90 бағасымен есептелген, бұл ретте мұнай кірісі 5,7 трлн теңгені құрайды.
Әлемдік баға барреліне $10-ға өзгерген кезде мұнай түсімдерінің төмендеуі шамамен 600 млрд теңгеге тең болады.
Егер Brent барреліне $50-ға дейін арзандаса, мұнай түсімдері 3,2 трлн теңгеге дейін төмендейді.
"Алайда ағымдағы жылдың сегіз айында мұнайдың әлемдік орташа бағасы барреліне $105,3 құрады. Сондықтан бұл көрсеткіш барреліне $50-ға дейін төмендеген жағдайда жыл соңына дейін күтілетін түсімдер 5,5 трлн теңгені құрайды", - деп түсіндірді Ұлттық экономика министрлігінде.
Сонымен қатар, 2023 жылдан бастап жаңа бюджеттік ереже күшіне енеді, онда Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт көлемі кесімді баға кезінде оған болжанатын түсімдер көлемінен аспайды. 2023 жылы ол барреліне $48,9-ды құрайды. Үстеме түсімдер Ұлттық қорда жинақталатын болады.
Brent маркалы мұнай 2022 жылдың наурызынан бастап барреліне 90 доллардан жоғары сатылды. Ең жоғары орташа тәуліктік баға 8 маусымда белгіленді-барреліне $114,19. 15 қыркүйекте орташа көрсеткіш барреліне $90-дан төмендеді.
Астана уақыты бойынша сағат 14:15-те желтоқсандағы фьючерстер құны барреліне $91,87-ға дейін көтерілді.
Айта кетейік, республикалық бюджетке түсетін шикі мұнайға экспорттық кедендік бажды қоспағанда, мұнай секторынан түсетін кірістер Ұлттық қорға түседі.