Әлихан Смайылов Шымкенттің әлеуметтік-экономикалық даму қарқынына оң баға берді

Автор: Azattyq Rýhy

Инвестиция көлемі 219,1 млрд.теңге болып, 28,6 пайызға артқан

Time.kz

Шымкентте жергілікті халықтың әлеуетін арттыруға бағытталған жұмыстар қарқынды жүріп жатыр. Қалада өнеркәсіп өнім көлемі артып, тартылған инвестиция көлемі айтарлықтай ұлғайған. Бұл туралы бүгінгі Үкімет отырысында қала әкімі Мұрат Әйтенов баяндады.

Шаһар басшысы аймақта әлеуметтік-экономикалық даму барысы тек өсім көрсеткенін айтып отыр. Мәселен:

Өнеркәсіп өнім көлемі 507,5 млрд.теңге болып, нақты көлем индексі 108,4 пайызды құрады. Оның ішінде, өңдеу өнеркәсібі – 109,6 пайыз болып отыр.

  • Инвестиция көлемі 219,1 млрд.теңге болып, 28,6 пайызға артты. Оның ішінде, мемлекеттік бюджеттен 52,6 млрд.теңге, жеке көздерден 166,5 млрд.теңге.
  • Құрылыс жұмыстарының көлемі 76,7 млрд.теңге немесе 120,5 пайыз құрады.
  • Пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 371,8 мың шаршы метр немесе 115 пайыз болды.
  • Жалпы сауда көлемі 946,1 млрд.теңге болып, нақты көлем индексі 9,8 пайызға артты.
  • Жалпы көлік көлемі 158,5 млрд. теңге болып, 107,2 пайызды құрады.
  • Байланыс қызметі 4,8 млрд. теңгені немесе 104,7 пайызды құрады.

Премьер-министр Әлихан Смайылов болса Шымкенттің әлеуметтік-экономикалық даму қарқынына оң баға берді.