Оған инфляциялық процестермен қатар валюта бағамындағы өзгерістер мен тасымалдау құны әсер етіп отыр
Биыл кеңсе тауарлары күрт қымбаттады. Былтырмен салыстырғанда дәптер мен түрлі түсті қарындаштың бағасы 12 процентке артты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.
Қалам 13,2, ал сурет альбомдарының құны шамамен 14 процентке өскен.
Сатушы компания өкілдерінің айтуынша, бағаның шарықтауына инфляциялық процестермен қатар валюта бағамындағы өзгерістер мен тасымалдау құны тікелей әсер етті.