Ұлттық банктің 12 тамыздағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 477, 67 теңге
Қазақстан қор биржасындағы күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша, доллардың теңгеге шаққандағы бағамы 1,45 теңгеге түсіп, бір доллар 476, 01 теңгеге теңесті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі.
Ұлттық банктің 12 тамыздағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 477, 67 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде долларды сатып алу 477,27 теңге, ал сату - 480,97 теңге. Нұр-Сұлтанда сатып алу -474,91 теңгеден басталып, 1 АҚШ ақшасы 478,91 теңгеден сатылып жатыр.