Әлемдегі жағдай нашарламаса, Қазақстанның экономикасы 3-4% өсуі мүмкін

Автор: Кенжекей Тоқтамұрат

Әлихан Смайлов жыл қорытындысы бойынша Үкімет осындай көрсеткішке қол жеткізеді деген үмітте екенін айтты

 

Фото: kapital.kz

Биыл Қазақстан экономикасындағы өсім 3-4%-ды құрайды деген болжам бар. Бұл туралы бүгін Үкіметтің кеңейтілген отырысында Премьер-министр Әлихан Смайлов мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Бірақ мұндай дамуға қол жеткізу үшін әлемдегі жағдай нашарламауы шарт секілді.

«Сыртқы экономикалық жағдай одан әрі нашарламаса, биыл ел экономикасының өсу қарқыны 3-4%-ды құрайды деп болжаймыз. Жалпы, жаһандық тұрақсыздық жағдайында Үкімет ұлттық экономиканың тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша кешенді шараларды іске асыруды жалғастырады. Бұл шаралар экономиканы әртараптандыруға, отандық өндірісті дамытуға, әсіресе азық-түлік тауарларын шығаруға, сапалы жұмыс орындарын құруға бағытталған», — деді Смайлов.

Айта кетейік, Үкіметтің бүгінгі кеңейтілген отырысын ашқан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда инфляция 2015 жылғы көрсеткіштен асып түскенін айтқан еді.