ҚДКБҚ келесі айға арналған ең жоғары сыйақы мөлшерлемесін бекітті
Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры 2022 жылғы тамыз айына жинақ салымдары бойынша максималды мөлшерлемені арттырды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Тұрақты депозиттердің тартымдылығын арттыру мақсатында, сонымен қатар, қалыптасқан нарықтық мөлшерлемелерді ескеріп, жинақ салымдарының барлық түрлері бойынша максималды мөлшерлемелер ұлғайтылды.
«3 және 6 айға арналған жинақ депозиттері бойынша мөлшерлемелер сәйкесінше 0,5 т. және 1,0 т., 12 айға жинақ депозиттері бойынша 0,1 т. және 24 айға – 0,2 т. арттырылды», - делінген хабарламада.
Депозиттердің қалған түрлері бойынша максималды мөлшерлемелер өзгеріссіз қалды.