3 қазанда ресми бағам бойынша бір доллар 388,87 теңгені құрады
Бейсенбіде Қазақстан қор биржасындағы саудада (KASE) теңгенің АҚШ долларына шаққандағы орташа бағамы 0,1% -ға (0,36 теңгеге) төмендеп, бір долларға шаққанда 389,23 теңгені құрады, - деп хабарлайды Azattyq Rýhy KASE-ке сілтеме жасап.
Бұған дейін теңге бағамының тарихи минимумы 2 қазан күні тіркелді. 1 доллар құны 388,87 теңге болған еді.
3 қазанда ресми бағам бойынша, бір доллар 388,87 теңгені құрады. 4 қазанда ресми мөлшерлемені анықтаудың қазіргі тәртібіне сәйкес ол 389,23 долларды құрайды. Ал айырбас пункттерінде көк қағаз 391-ден саудаланып жатыр.