Биыл экономиканың барлық саласында 430 мыңнан аса жұмыс орны ашылады
Бүгін Үкіметтің кеңейтілген отырысында Премьер-министр 2020 жылы Қазақстанның әлеуметтік-экономиакалық дамуындағы негізгі жоспарларды атаса, оның орынбасары Бердібек Сапарбаев әлеуметтік саланың былтырғы жаңалықтарын тізіп шықты.
Үкімет басшысы Асқар Маминнің айтуынша, 2020 жылы Қазақстанда:
- 15 млн шаршы метр тұрғын үй салынады;
- 150 мыңнан аса отбасы жаңа баспанаға ие болады;
- экономиканың барлық саласында 430 мыңнан аса жұмыс орны ашылады;
- «Ауыл – ел бесігі» жобасының аясында 800-ден аса жоба жүзеге асады;
- 3,5 мыңнан аса ауылдың жағдайын жақсарту үшін 900 млрд теңге бөлінеді;
- 19 заманауи медициналық орталық ашылады.
Ал, Премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев 2019 жылғы әлеуметтік өзгерістерге тоқтала отырып, әлеуметтік жәрдемақыны өскенін, өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтардың саны артып, халықтың өмір сүру жасы артқанын атап өтті.
Кенжекей Тоқтамұрат, Нұр-Сұлтан