Бұл өткен жылмен салыстырғанда 3,3%-ке артық
Қазақстанда наурыз айында инфляция 12%-ке өсті. Мұндай көрсеткіш 2016 жылдан бері байқалмаған. Бұл туралы Ұлтық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов Үкімет отырысында мәлімдеді.
Оның айтуынша, азық-түлік инфлияциясы 15%-тен асып кеткен. Бағаның өсуіне қырыққабат, қант, картоп, қызанақтың қымбаттауы әсер етті. Сондай-ақ азық-түлікке жатпайтын тауарларлар да наурызда қымбаттаған. Оған теңге бағамының әлсіреуі ықпал етті.