Бұл 2018 жылғы көрсеткіштен 15,5 пайызға артық
2019 жылдың қаңтар-қараша айларында республикалық бюджетке 11,5 триллион теңге түсім түскен деп жазады Finprom.kz. 2018 жылдың осы 11 айында бұл көрсеткіш 10 триллион теңгені құраған болатын.
Ал, трансферттерді есептемегенде түскен түсім – 8,5 трлн теңге (алдыңғы жылмен салыстырғанда 15,3%-ға артық). Осылайша, мемлекеттік бюджет жоспары 2019 жылы 101,3 пайызға орындалды: республикалық – 100,3%, жергілікті бюджет – 104,1%. Ал, таза түсім 6,2 трлн теңгені құрады.
Кірістердің артуына салық түсімдерінің өсуі себеп болып отыр, оның үлесі – 8,2 трлн теңге (2018 жылы – 7,1 трлн теңге). Салықтан бөлек түсімдер мен негізгі капиталды сатудан түскен қаражат тиісінше 254,8 млрд және 96,4 млрд теңгені құраған. Ал, трансферттерден түскен қаржы көлемі – 3 трлн теңгеге жетіп, 16,2% өсімді көрсетті.