$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
13.01.2020, 15:44
Экономика

Қазақстандағы үш мегаполистің құзыреті кеңейеді

Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары әкімдіктерінің құзыретін кеңейту бойынша түзетулер енгізілді

Қазақстандағы үш мегаполистің құзыреті кеңейеді
фото: astana.gov.kz

2019 жылғы 27 желтоқсанда Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы, мемлекеттік басқару жүйесін және бюджетаралық қатынастарды жетілдіру, кредиттеу және білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

«Заң шеңберінде Нұр-Сұлтан, Алматы мен Шымкент қалалары әкімдіктерінің, оның ішінде басқарылатын урбанизация шеңберінде қала құрылысы саясаты, көлік инфрақұрылымы, сәулет келбеті саласындағы құзыретін кеңейту бойынша түзетулер енгізілді», - делінген Ұлттық экономика министрлігінің хабарламасында.

Ведомствоның баспасөз қызметі 6 заңға (Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы», «Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы», «Қазақстан Республикасының Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы», «Тұрғын үй қатынастары туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы» заңдар) өзгерістер мен толықтырулар енгізілгенін атап өтті. Бұлар республикалық маңызы бар қалалар мен астананы дамытудың өзекті мәселелерін шешуге мүмкіндік беретін айтылған қалалардың тіршілігін қамтамасыз ету мен дамытудағы жекелеген мәселелерді реттеу бойынша өзгедей тәртіпті орнатуға бағытталған.

Серіктес жаңалықтары