$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Аграрлық несие корпорациясы өңірдегі кәсіпкерлікті дамытуға 22,5 млрд теңге бөлді

Кәсіпкерлерге несие беру тек ауыл шаруашылығы саласында ғана емес, қызмет көрсету сынды әлуметтік маңызы бар бағыттар да қамтылған

Аграрлық несие корпорациясы өңірдегі кәсіпкерлікті дамытуға 22,5 млрд теңге бөлді
Фото: kapital.kz

Елімізде отандық кәсіпкерлерді қолдау шарасы жыл сайын артып келеді. «Бәйтерек «ҰБХ» АҚ-ның еншілес ұйымы «Аграрлық несие корпорациясы» өңірлердегі бизнесті қолдау үшін 22,5 млрд теңге мөлшерінде микроқаржы ұйымдарын қорландыруға арналған кредиттік желілер ашты. Сол арқылы жеңілдетілген несие ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге, шағын бизнес, микрокәсіпкерлік өкілдеріне, оның ішінде, отбасылық және әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытып жүрген тұлғаларға өз бизнес-жобаларын жүзеге асыруға көмектеседі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Кәсіпкерлерге несие беру тек ауыл шаруашылығы саласында ғана емес, қызмет көрсету сынды әлуметтік маңызы бар бағыттар да қамтылған. Мысалы, бұл сала өкілдері жылдық 6% мөлшерлемемен жеңілдетілген несие ала алады. Осы мүмкіндікті Ақтау қаласындағы автосервистер мен химиялық тазалау өкілдері тиімді пайдаланып отыр.

Микронесие алу үшін «Бастау Бизнес» жобасының немесе басқа да мемлекеттік бағдарламалар шеңберіндегі кәсіпкерлік негіздерін оқыту курстарының түлегі және кепіл мүлкінің болуы қажет. Жеңілдіктетілген несие ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге, шағын бизнес, микрокәсіпкерлік өкілдеріне, оның ішінде, отбасылық және әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытып жүрген тұлғаларға өз бизнес-жобаларын жүзеге асыруға көмектеседі.

Мал шаруашылығы саласындағы жобалар бойынша несие беру мерзімі 7 жылға дейін, басқа салаларда 5 жылға дейінгі аралықты қамтиды.  Бизнес-жоспарды сәтті қорғаған қатысушы шағын қаржы ұйымынан несие рәсімдей алады.

Микронесиенің ең жоғары сомасы ауылдық елдімекендерде және шағын қалаларда 2,5 мың АЕК-ке яғни 7,2 млн теңгеге дейін, Шымкент, Ақтау, Атыраудан басқа қалаларда, моноқалаларда 6,5 мың АЕК-ке дейін яғни 18,9 млн теңгені, Шымкент, Ақтау, Атырау қалаларында 8 мың АЕК-ке дейін, яғни 23,3 млн теңгеге дейінгі шекті қамтиды.

«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ маркетинг және PR қызметінің басшысы Руслан Ескендирдің айтуынша, аталған бағдарламаны іске асыруда Аграрлық несие корпорациясы кәсіпкерлік субъектілерінің кең ауқымын қолжетімді қаржыландыруға жәрдемдеседі.

«Өз кезегінде бұл ауылдық жерлерде азаматтардың әл-ауқатының деңгейін арттыруға әсер етеді: жұмыс орындары пайда болады, жаңа өндірістер ашылада, қызмет көрсету саласы дамиды және тағы басқа да артықшылықтары бар», - дейді Р.Ескендир.

Айта кетерлігі, Маңғыстау облысына екі жылға бөлінген 1 млрд теңге қаржының алғашқы жылға жоспарланған 500 млн теңгенің бүгінде тең жартысынан астамы, яғни 270 млн теңгесі игерілген. Корпорацияның Маңғыстау өңіріндегі жұмыс барысымен танысуға арналған турда БАҚ өкілдері «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында шағын бизнеске микронесие беру рәсімдерімен танысып, Аграрлық несие корпорациясының қорландыру құралдары арқылы МҚҰ-нан микронесие алған бірқатар кәсіпорындарға барды.

Қазіргі уақытта маңғыстаулық кәсіпкерлер киім-кешек және азық-түлік дүкендерін ашу, автосервистер мен химиялық тазалау қызметі, мал шаруашылығы саласында белсенділік танытуда. Солардың бірі – Түпқараған ауданы Сайын ауылының тұрғыны Қ. Даншабаев. Ол аталған корпорациядан жеңілдетілген несие алу арқылы мал басының санын арттырып, кәсібін өрге жүргізіп отырғанын айтады. Ал Ақтау қаласының 19 шағынауданынан ашылған «Hi MOM» балалар киім дүкенінің иесі Жанбөпе Құрақбаева - «Бастау Бизнес» жобасы аясында білім алып «Аграрлық несие корпорациясының» жеңілдетілген қаржысына қол жеткізді.

«Тиімділігі алдымен жеңілдетілген несиеде, екінші төлем уақытына берілетін демалыста. Мен 6%-пен 40 млн теңге алып, Оралдан алты бас сиыр, бес тонна кебек сатып алдым. Сиырлар бұзаулайтын күн де алыс емес. Өзім бұрыннан түйе, қой мен ешкі, жылқы ұстаймын, енді олардың саны сиырлармен толықты», - дейді кәсіпкер Қуаныш Даншабаев.

Қазіргі таңда Маңғыстау облысы бойынша 270 млн теңгеге 60-тан астам жоба қаржыландырылды, алда 150-200 жобаны несиелендіру жоспарланып отыр.

Серіктес жаңалықтары