ОПЕК+ шешімінен кейін мұнай бағасы қымбаттады

Автор: Azattyq Rýhy

Brent сұрыпты мұнай бағасы 70,89 доллар болды

Фото ашық дереккөзден

Мұнай бағасы ОПЕК+ шешімінен кейін қымбаттады, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

Альянс өндіріс көлемін қаңтар айында бір тәулікте 400 мың баррельге ұлғайтады. Brent сұрыпты мұнай бағасы 1,75%-ға көтеріліп, 70,89 доллар болды. WTI фьючерстерінің құны 1,82%-ға қымбаттап, бір баррелінің бағасы 67,71 долларға жетті.

 "ОПЕК+ өндірісті одан әрі ұлғайту туралы шешім қабылдағанымен, трейдерлер қажет болған жағдайда альянстың өндіріс көлемін өзгерте алатынын біледі. Мұндай шешім омикрон штамының мұнай нарығына қалай әсер ететінін анықтауға қосымша уақыт береді", – дейді ING Groep NV сарапшысы Уоррен Паттерсон.