Илон Маск тарихта 300 миллиард долларлық байлығы бар алғашқы адам болды

Автор: Azattyq Rýhy

Tesla-ның капитализациясы триллион доллардан асты

Фото ашық дереккөзден

Tesla және SpaceX компанияларының басшысы Илон Маск тарихта байлығы 300 миллиард долларға жеткен алғашқы адам болды, деп хабарлайды Риа Новости.

Forbes real-Time дәл осы уақыттағы миллиардерлер рейтингісіне сәйкес, кәсіпкердің байлығы бұл белгіге Мәскеу уақытымен 16:45-те жеткен. Сол сәтте оның байлығы 7,4 миллиардқа өсіп,  298,7 миллиард долларды құраған. Яғни, 6,1 пайызға өсті.

Илон Маск өткен аптада басталған Tesla акциялары бағасының өсуі аясында байып келеді. Дүйсенбі күнгі сауда-саттықта автоөндірушінің бағалы қағаздары рекордты жаңартып, 1154,49 долларға жетті.

Акциялардың қымбаттауы «Tesla компаниясы Hertz машиналарын жалға беру компаниясына 100 мың электр көлігін жеткізеді» деген жаңалықтан кейін басталды.

Сөйтіп, Tesla-ның капитализациясы триллион доллардан асты.

2003 жылы Калифорнияда құрылған Tesla Motors электромобильдер шығарады және олармен байланысты технологияларды дамытады. Компания сондай-ақ өз технологиясы бойынша басқа автоконцерндерге, атап айтқанда Toyota және Daimler компанияларына сататын батареялар мен электр қозғалтқыштарын жасайды.

 

Тегтер: