Абаттандырылған баспана бағасы 14,7%-ға өсті
Елімізде тұрғын үй бағасы тағы да өсті. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
Бір айдың ішінде (2021 жылғы маусым-мамыр аралығында) абаттандырылған тұрғын үйлерді алып сату бағасы – 1,2%, жаңа тұрғын үйлерді сату 0,9%-ға өскен. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі 0,3% қымбаттады.
Ал жыл басынан бері жаңа тұрғын үй құны 9,2%, абаттандырылған баспана бағасы 14,7%-ға өсті.
Қазір жаңа үйлердегі баспананың 1 шаршы метрі орта есеппен 338 450 мың теңгені құраса, абаттандырылған тұрғын үйлерде 267 364 теңгеге бағаланып отыр.