$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
10.06.2021, 13:21
Экономика

Ұлттық банк төрағасы жыл соңында инфляция жоғары болуы мүмкін екенін мәлімдеді

Ұлттық банк 7 маусымда базалық ставканы 9% деңгейінде сақтауға шешім қабылдады

Ұлттық банк төрағасы жыл соңында инфляция жоғары болуы мүмкін екенін мәлімдеді
Ерболат Досаев, фото: ашық дереккөзден

Жыл соңына қарай Қазақстанда инфляция нысаналы диапазоннан 0,4-0,5 пайызға жоғары болуы мүмкін. Бұл туралы бүгінгі Үкімет отырысында Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев мәлім етті.

Ұлттық банк төрағасы дезинфляциялық процестерге қарамастан, жекелеген тауар нарықтарында қымбатшылық жалғасып жатқанын айтты.

«Бензин бағасының айтарлықтай күрт өсуін, электр энергиясы бағасының өсуін, барынша күшті фискалдық ынталандыруды және жоғары инфляциялық күтулерді ескерсек, 2021 жылдың соңына қарай, біздің соңғы болжамдарға сәйкес, инфляция нысаналы диапазоннан 0,4-0,5 пайыз жоғары болуы мүмкін», - дейді Ұлттық банк төрағасы.

Ерболат Досаевтың айтуынша, Ұлттық банк осы мәселелерді ескеріп, 7 маусымда базалық ставканы 9% деңгейінде сақтауға шешім қабылдаған.

Серіктес жаңалықтары