$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
18.09.2019, 12:35
Экономика

Қазақстан Жапонияға мұнай сатып, орнына автокөлік алады

Қазақстанның экспорттық жеткізілімдері негізінен екі тауардан тұрады

Қазақстан Жапонияға мұнай сатып, орнына автокөлік алады
Фото: buxgalter.uz

Қазақстанның Жапонияға экспорты 24 пайызға қысқарса, импорт 33 пайызға ұлғайған, - деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі LS қаржы агенттігіне сілтеме жасап.

Қазақстан пен Жапония арасындағы өзара сауда-саттық көлемі 2019 жылдың қаңтар-шілде айларында 983,6 млн. долларды құрады. Бүгінгі күні экспорт деңгейі 597,8 млн. долларға жетті. Бұл 2018 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 24,4 пайызға кем.  

Ал Жапониядан тасымалданатын импорт 2018 жылдың жеті айымен салыстырғанда 33,6 пайызға артты. Өсімге қарамастан импорт көлемі экспорттан төмен және 2019 жылдың жеті айында 385,8 миллион долларға жеткен.

Сонымен бірге Жапониядан жеткізілетін экспорт тауарлары әр түрлілігімен ерекшеленді. Атап айтар болсақ, Қазақстанға автомобильдер мен олардың қосалқы бөлшектері, қара металдан жасалған құбырлар, сырғыштар, медициналық және электр жабдықтары, шиналар, жүк көліктері және кеме крандары жеткізіледі.

Серіктес жаңалықтары