$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
18.09.2019, 10:45
Экономика

Қазақстанда инвесткомпаниялар саны азайған

«Фридом Финанс» - Қазақстандағы ең ірі инвестициялық компания деген мәртебесін сақтап қалды

Қазақстанда инвесткомпаниялар саны азайған
chelnytown.ru

2019 жылдың басында Қазақстанда инвестициялық компаниялардың саны 21 болса, алты айдың ішінде олардың саны 19-ға дейін қысқарды. Шілде айындағы көрсеткіш бойынша инвестициялық компаниялардың автиві 173,8 млрд тг болған (өткен жылдың дәл осы кезеңінде 176,7 млрд тг болған). Соған қарамастан компаниялар активінде 3,9% өсім бар екен. Бұл туралы ranking.kz хабарлайды.

«Фридом Финанс» - Қазақстандағы ең ірі инвестициялық компания деген мәртебесін сақтап қалды: компания активі 57,6 млрд теңгені құрайды. Алайда, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 6,3%-ға төмендеген. Активтерінің көлемі бойынша екінші орында Halyk Finance компаниясы (34,4 млрд тг), ал үшінші орында BCC Invest (27,6 млрд тг). BCC Invest - Қазақстандағы тез дамып келе жатқан инвесткомпаниялар тізімін бастап тұр. Былтыр бұл компанияның активі 23,5 млрд тг болса, биыл 27,6 млрд теңгеге өсіп отыр.

Жалпы Қазақстандағы 19 инвестициялық компанияның 7-нің активтерінде төмендеу байқалған (10,7%).

Анықтама: Инвестициялық компания - түрлі инвестиция жасайтын ұйым. Басты қызметі инвестицияларды әртараптандыру және инвестициялық портфелді басқару. Оған құнды қағаздар мен  эмитенттер кіреді. Қаржы делдалдары қалыптасқан жағдайға орай табысты салалар мен кәсіпорындардың құнды қағаздардын алып-сатып пайда табады.

Серіктес жаңалықтары